ҚХП өкілдері Түркістанда Локомотив депосы ұжымымен кездесу өткізді

Партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

ҚХП өкілдері Түркістанда Локомотив депосы ұжымымен кездесу өткізді
Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілдері Түркістан қаласындағы Локомотив депосы ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы, жұмыспен қамту, өндіріс саласын дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, партия өкілдері Түркістан қаласында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын белгіленген талаптарға сәйкес тиісті орындарға орналастырып, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтардың сұрақтары тыңдалып, ұсыныс-пікірлеріне назар аударылды.