12.08.2026, 11:42
Жаңалықтар
Мектеп оқушысының сөмкесі қанша келіден аспауы керек: министрлік жауап берді
Ал мамандар бос рюкзактың өзі 1 келіден аспауын ұсынады
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларының сөмкесі дене салмағының 10%-нан аспауы керегін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мысалы, баланың салмағы 30 келі болса, толық жиналған сөмкесі 3 келіден ауыр болмауы тиіс.
Ал оқу құралдарының рұқсат етілетін салмағы:
- 1-3 сынып – 2 келіге дейін;
- 4-5 сынып – 2,5 келіге дейін;
- 6-7 сынып – 3,5 келіге дейін;
- 8-11 сынып – 4,5 келіге дейін.
Мамандар бос рюкзактың өзі 1 келіден аспауын ұсынады. Сондай-ақ сөмкенің арқасы қатты, иықбаулары кең әрі жұмсақ, ұзындығы реттелетін болғаны дұрыс. Қараңғыда баланың көрінуін арттыру үшін жарық шағылыстыратын элементтердің болғаны жөн.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді