Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды

Бірқатар көше уақытша жабылмақ

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды
Фото: gov.kz

Алматыда «Almaty LRT бірінші желісінің 1-кезеңін салу» жобасы аясындағы дайындық жұмысына байланысты Төле би көшесі бойымен Жұмалиев көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дайындық жұмысы 2026 жылғы 11 тамыз сағат 22:00-ден 12 тамыз сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінің Жұмалиев көшесі мен Байзақов көшесі аралығында жүргізіледі.

Жұмыс кезеңінде аталған учаскені көршілес көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға, уақытша жол белгілерінің талаптарын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің нұсқауларын сақтауға кеңес беріледі.

Мақалада
#Алматы #жол #LRT