«Ақ жол» партиясы Маңғыстауда еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Кездесуде «Ақ жолдың» ұстанымдары түсіндірілді

«Ақ жол» партиясы Маңғыстауда еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

Құрылтай сайлауы аясындағы үгіт-насихат жұмысы барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб өкілдері KMG-Security ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында партияның «Өзгерістер қажет» атты саяси бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, азаматтардың еңбек етуіне және өз кәсібін дамытуына қолайлы жағдай қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және әділ экономикалық орта құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өңірлік штаб басшысы Батыржан Қорғанбаев «Ақ жолдың» басты ұстанымдарының бірі – нақты мәселелерге нақты шешім ұсыну және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыру екенін атап өтті.

Кездесу барысында KMG-Security ЖШС қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, партия өкілдерімен ашық пікір алмасты.