Байтақтықтар «Іле-Балқаш» резерватында табиғатты қорғау мәселесі талқыланды

Экологиялық туризм мәселесі де сөз болды

Байтақтықтар «Іле-Балқаш» резерватында табиғатты қорғау мәселесі талқыланды
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

«Табиғат – ұлттық мұра» республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклі аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқосуда биоалуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, браконьерлікпен күрес және табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселесі сөз болды. Сондай-ақ тараптар ғылыми мониторинг жүргізу, экологиялық туризмді дамыту және экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту жөнінде пікір алмасты.

Қатысушылар табиғи аумақтарды қорғау ісінде жан-жақты жұмыс маңызды екенін атап өтті. Яғни мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен сарапшылар өзара ынтымақтасқанда ғана қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге болады.

«Табиғат – ұлттық мұра» жобасы аясындағы кездесулер сала мамандарының тәжірибе алмасып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ортақ ұсыныстар әзірлеуіне мүмкіндік береді.