Атырауда «Байтақ» өкілдері үгіт-насихатты түнде де тоқтатпады

Олар халыққа түсіндіру жұмыстарын өткізді

Атырауда «Байтақ» өкілдері үгіт-насихатты түнде де тоқтатпады
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Атырау облысында «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр. Партияның жергілікті бастауыш ұйымы өкілдері теміржол вокзалына барып, түнгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлермен тілдесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, өңірдегі экологиялық мәселелер сөз болды. Партия өкілдері қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамалар туралы айтып, теміржолшыларға үгіт материалдарын таратты.

Жасылдар вокзалдағы жолаушыларға да ақпараттық парақшалар ұсынып, партияның ұстанымдары мен сайлауалды бағдарламасы туралы қысқаша түсіндірді.

Теміржолшы да, халық та үнсіз қалмады. Белсенділік танытып, өздерін алаңдатқан түйткілдер бойынша сұрақ қойды. Партия өкілдері азаматтармен тікелей сөйлесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаудың маңыздығын атап өтті.