Аптап ыстық пен найзағай: Қазақстанда 11 тамызға дауылды ескерту жарияланды
Елдің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен қатты жел күтілсе, оңтүстікте ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі
11 тамызға синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында төтенше, орталығы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді. Солтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 37-39 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Абай облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күннің екінші жартысында таулы аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 35-37 градус қатты ыстық болады.
Алматыда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 36-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Таразда күндіз 38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі және төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 40-41 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және 35-36 градус қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысының орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі. Батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 38-39 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.