Елорда тұрғындары маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек
Нұр-Сұлтан қаласындағы Жиенқұлова көшесі 15 тамызға дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жол желісін орташа жөндеу аясында Жиенқұлова көшесінде Алаш тас жолынан Сембинов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған орай, 2-15 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», - деп жазылған хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.