Маңғыстауда 3 тамыздан бастап жаңа карантин талаптары күшіне енеді

Жаңа талаптар 17 тамызға дейін созылады

Маңғыстауда 3 тамыздан бастап жаңа карантин талаптары күшіне енеді
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, аймақта 3 тамыз сағат 00.00-ден бастап 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

«Қалааралық автобус тасымалы, қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат етіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралардысоның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынады», - деп жазылған мәтінде.

Сонымен қатар мәдениет объектілерінің, музейлердің, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеліп, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беру қарастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.