«Байтақ» кандидаты «Астана орманы» мекемесіне барды
Басқосу еркін форматта өтті
Үгіт-насихат жұмысы аясында Құрылтай депутаттығына үміткер Нариман Баубек «Астана орманы» кәсіпорны қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. Шарада көгалдандыру мәселесі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ партиясының сайлауалды стратегиясының негізгі бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмысшылар өздерін алаңдатқан түйткілді ашық айтып, түрлі сұрақ қойды. Атап айтқанда, мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік статусы, еңбек жағдайы, жалақы деңгейі, коррупция және басқалар.
«Жиын нәтижелі өтті деп айта аламын. Біз партиямыз жайлы, оның ұстанымы, алға қойған мақсаттары туралы айттық. Жұмысшылар да үнсіз қалмады. Көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алуға тырысты. Меніңше, «Астана орманы» мекемесінде істейтін адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы «Байтақ» партиясы позициясымен үндес», - деді Нариман Баубек.