ШҚО-да жол қызметкері жұмыс барысында көз жұмды
Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы автожолда жол жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тарғын ауылының маңында, жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан учаскеде болған. Куәгерлердің айтуынша, жол техникасының жүргізушісі қаза тапқан. Полиция ер адамның қайтыс болғанын растады.
«Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігінде (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.