Бүгін, 09:51
Жаңалықтар
Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда тағайындау жөнінде арнайы хабарлама жариялады
Фото: bolashak.gov.kz
Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің жаңа меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Майқайың ауылында 1984 жылдың 29 қаңтарында туған. Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерін меңгерген.
Білімі:
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты:
- Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті (2006) – «Экономист» мамандығы.
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – «Құқық магистрі».
- Калифорния университеті (АҚШ) – «Мемлекеттік саясат магистрі».
Еңбек жолы:
- 2006-2007: «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер, атқарушы директор аппаратының басшысы.
- 2008-2010: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде стратегиялық жоспарлау және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы.
- 2011-2013: Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
- 2013-2015: Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2015-2017: Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы.
- 2020-2022: Қостанай облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік сала бойынша).
- 2022 жылдан бастап бүгінге дейін – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Көп оқылған
09.08.2026, 15:35
10 тамыз күні ауа райы қандай болады
09.08.2026, 16:32
Кинотеатр залын әжетханаға айналдырған: көрерменнің мәдениетсіздігі желіде үлкен дау тудырды
09.08.2026, 13:33
Павлодарда ойын алаңында қысылып қалған 8 жасар бала құтқарылды