9 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жексенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі

9 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсуі мүмкін.

Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады. Маңғыстау облысында ауа температурасы +43…+44°C-қа дейін көтерілсе, Атырау облысында, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының оңтүстігі мен батысында +40…+41°C-қа дейін жетеді.

Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы +41…+43°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Жамбыл облысында +38°C-қа дейін ыстық болады. Алматы, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында ауа температурасы +35…+39°C аралығында болады.

Еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында, сондай-ақ Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.