08.08.2026, 14:33
Жаңалықтар
БҚО-да ТЖМ қызметкерлері Жайық өзенінен ер адамды құтқарып қалды
Ер адамның арнайы жабдықталмаған, «Шомылуға тыйым салынған» белгісі орнатылған жерде суға түскені анықталды
Фото: ТЖМ
Батыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері Жайық өзеніне батып бара жатқан азаматты аман алып шықты. Оқиға Орал қаласының «Металлист» ауданында болды, дабыл белгісі 112 пультіне келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды судан алып шықты. Оны жағаға шығарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ер адамның арнайы жабдықталмаған, «Шомылуға тыйым салынған» белгісі орнатылған жерде суға түскені анықталды. Осыған байланысты оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды