Ауа райы қайта құбылады: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
8 тамызда елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық, найзағай, нөсер, бұршақ, шаңды дауыл, екпінді жел және өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады
8 тамызда Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады.
Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі таңертең және күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, оңтүстігі мен шығысында сақталған, ал орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда солтүстік-шығыс желі күндіз секундына 15 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыс желі күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус ыстық болады. Іле Алатауының тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыс желі соғып, облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз облыста ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз 36-38 градус аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін, кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз 35-36 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да жел күшейіп, күндіз 40-41 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін, күндіз кей жерлерде 25 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік-шығыс және солтүстік желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда да күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі күшінде болады. Оралда күндіз 35-36 градус аптап ыстық күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтерілетін өте қатты ыстық күтіледі. Атырау қаласында күндіз 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады.