«Байтақ» партиясы «Дария» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті

Жұмыскерлер өз ұсынысы мен пікірін ортаға салды

«Байтақ» партиясы «Дария» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

«Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық штабы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Партия өкілдері «Дария» коммуналдық мекемесіне барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тазалықты сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесуде коммуналдық сала қызметкерлерінің қала тазалығы мен көркеюіне қосып жатқан үлесі айтылды. Ал жұмыскерлер өз ұсынысы мен пікірін ортаға салып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін өзекті түйткілдерді көтерді.

Партия өкілдері халықпен тұрақты байланыс орнатудың, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және таза өмір сүру ортасын құру қоғамның ортақ міндеті екені айтылды.