1 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні сегіз облыста өрт қаупі сақталады

1 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

1 тамыз күні елімізде күн ашық болады. Тек оңтүстікте және батыста күн күркіреп, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл болады, жел екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.

Күндіз Алматы, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Алматы облысында күн күркірейді.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Атырау, Қызылорда облыстары, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.