$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2020, 15:45
Жаңалықтар

Johnson & Johnson адамдарға СOVID-19 эксперименталды вакцинасын сынауды бастады

Бұған дейін компания мамандары вакцинаны жануарлардың ағзасына сынап келген 

Johnson & Johnson адамдарға СOVID-19 эксперименталды вакцинасын сынауды бастады

Америкалық Johnson & Johnson компаниясы СOVID-19-ға қарсы эксперименталды вакцинаны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұрын препаратты жануарларға сынақтан өткізген компания оң нәтижелерге қол жеткізіп, енді адамдарға егіп көруді бастады. 

Мәселен, вакцина дозасын алған және вируспен байланысқан алты маймылдың алтауы өкпе ауруынан қорғалған. Мамандардың айтуынша, Johnson & Johnson вакцинасы суық тиюді тудыратын 26 типті қарапайым аденовирусты қолданады. Ол адам жасушаларында коронавирус ақуыздарының тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді және иммундық жүйені реакцияға итермелейді. АҚШ-та дәл осы вакцина өндірісін жеделдету үшін компаниялар 456 миллион доллар бөлді. 

«Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, қыркүйек айында вакцинаның клиникалық сынақтарын бастаймыз. Біз сынақтардың қаншалықты ұзаққа созылатынын нақты айта алмаймыз. Болжам бойынша ол келесі жылдың басында аяқталуы мүмкін, сол кезде біз оны төтенше жағдайларда қолдана аламыз», - дейді вирусолог Дэн Баруш.

Серіктес жаңалықтары