06.08.2026, 15:38
Жаңалықтар
Ұлын құтқармақ болған: Мәскеуде әйел адам ұлымен бірге терезеден құлап, көз жұмды
Олар бұл үйді бір жылдан бері жалдап тұрып келген
Фото: РЕН ТВ
Мәскеу облысының Раменское қаласында үш жасар бала ойнап жүріп, терезе алдына шығып алған соң тепе-теңдігін жоғалтып алған. Баланың анасы айқайлаған дауысты естіп, ұлын құтқаруға ұмтылған. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, ол да баласымен бірге құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі РЕН ТВ-ға сілтеме жасап
Оқиға салдарынан анасы мен баласы оқиға орнында көз жұмған.
Басылым мәліметінше, отбасы бұл пәтерді шамамен бір жыл бойы жалдап тұрған. Көршілері оларды сабырлы әрі үлгілі отбасы ретінде сипаттаған.
Марқұм әйел сторисмейкер болып жұмыс істеген, ал жұбайы такси қызметімен қосымша табыс тапқан. Ер адам қайғылы оқиға туралы кейінірек білген.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 10:01
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды