Өңір кәсіпорындары мен жоғары оқу орындары серіктес болуы тиіс – ЖСДП
ЖСДП партиясы Қарағанды жастары көтерген мәселелерді талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Әубәкіров Қарағандыда студенттер мен жұмысшы жастардың қатысуымен өткен ашық диалог алаңында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шара барысында жастарды жұмыспен қамту, өңірден кадрлардың кетуі, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жоғары білімнің еңбек нарығына сәйкестігі, киберқауіпсіздік және жастардың қоғамдық өмірге араласуы мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
«Мәселе жұмыстың жоқтығында емес – жұмыс орны жеткілікті. Басты мәселе – тәжірибесі жоқ жас мамандардың ол орындарға орналасуы өте қиын, ал қалада өндірістен тыс балама бағыттар өте аз. Біз алғашқы жұмысқа орналасудың нақты бағдарламаларын және өңір кәсіпорындары мен жоғары оқу орындарының серіктестігін күшейтуді ұсынамыз», – деді Нұрлан Әубәкіров.
Шара соңында жастар еңбек нарығы, экология және өңірдің даму мәселелеріне қатысты пікірлерімен бөлісті.