06.08.2026, 12:16
Жаңалықтар
Басына қармақтың ілгегі кіріп кеткен: құтқарушылар балаға көмек көрсетті (ВИДЕО)
Мамандар капсулада көмек көрсетті
Фото: видеодан скриншот
Астанадағы Коммуналдық жағажай аумағында балық аулау кезінде бала абайсызда қармақтың ілгегін басына іліп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнында модульдік капсулада кезекшілік еткен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел түрде балаға жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы көмек көрсетті.
Дәрігерлер келгеннен кейін қармақтың ілгегі баланың басынан қауіпсіз түрде алынды.
ТЖМ азаматтарды балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- балық аулау құралдарын пайдаланғанда қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз;
- қармақты лақтырмас бұрын айналаңызда адамдардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
- төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды