Кипрден пәтер алып беремін: Атырау тұрғынын алдап, 100 млн теңгесін алған соң ізін суытқан күдікті Грузияда ұсталды
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қазақстан азаматы Грузиядан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметінш, ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрдан пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтауменҚазақстан азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен деп күдіктеліп отыр.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
«Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.