Құрылтай депутаттығына үміткер партиялар арасындағы теледебат басталды

Дебаттың басты тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту

Құрылтай депутаттығына үміткер партиялар арасындағы теледебат басталды
«Жетінші арна»/скрин

Бүгін, 5 тамыз күні сағат 20:26-да «Жетінші арна» телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен теледебат басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Тікелей эфир Астанадағы «Қазмедиа орталығы» концерт залынан көрсетілуде.

Дебаттың басты тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Қатысушылар осы салаға қатысты өз ұсыныстарын таныстырып, өзекті мәселелерді талқылайды және көрермендердің сұрақтарына жауап береді.

Жеребе қорытындысы бойынша сөз сөйлеу реті төмендегідей:

  • Respublica – Мейрамгүл Мадали;
  • «Ақ жол» – Дулат Тастекей;
  • ЖСДП – Мақсұт Насибулов;
  • «Әділет» – Рауан Кенжеханұлы;
  • «Байтақ» – Аслан Байзаханов;
  • «Ауыл» – Шахмардан Байманов;
  • Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов.

Эфир барысында көрермендер интерактивті дауыс беруге қатысып, «Жетінші арнаның» ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында пікір қалдыра алады.

Дебат төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, ашық пікірталасқа қатысады.

Екінші кезең білім беру жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылауға арналған.

Үшінші кезеңде қатысушылар студиядағы көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Соңында сайлаушыларға қорытынды үндеу жасайды.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – көрермендердің белсенді қатысуы. Тікелей эфир барысында QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылған. Көрермендер «Қай партия өкілінің сөзі өтімді?» деген сұраққа жауап бере алады. Дауыс берудің аралық нәтижелері екінші кезеңнен кейін, ал қорытындысы тікелей эфир соңында жарияланады.