Маңғыстауда жеке сот орындаушысы миллиондаған теңгені туыстарының шотына аударған
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысында прокуратура тексеруі барысында жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу шотынан 3 млн теңгеден астам қаражатты өзінің жақын туыстарының есепшотына заңсыз аударғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру кезінде жекелеген сот орындаушылар тарапынан борышкерден өндіріп алушыға қаражат аударатын арнайы есеп шотынан үшінші тұлғалар, яғни өзінің жақын туыстарының шотына 3 млн теңгеден астам қаражатты негізсіз аудару деректері анықталды.
Нәтижесінде, аталған жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалысына тексеру жұмысы жалғасуда», – делінген прокуратураның хабарламасында.