Аптап ыстық басылып, жаңбырлы күндер басталады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жайлы деңгейде болады: күндіз ауа температурасы 22-27°С болады

Аптап ыстық басылып, жаңбырлы күндер басталады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпалын сақтайды. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жайлы деңгейде болады: күндіз ауа температурасы 22-27°С болады.

«Батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында ауа температурасы 34-39°С-қа дейін, ал оңтүстігінде 37-42°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады», – делінген синоптиктер болжамында.