Астанада тұрғын үй маңында отшашу атқан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды

Астанада тұрғын үй маңында отшашу атқан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада тұрғын үйлердің маңында заңсыз отшашу ұйымдастырған 32 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға тұрғын үй кешендерінің жанында орналасқан мейрамхананың маңында болды. Анықталғандай, 32 жастағы ер адам салтанатты іс-шараның аяқталуын атап өту үшін отшашу ұйымдастырған. Алайда мерекелік фейерверк жақын маңдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

«Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды белгіленген талаптарды бұза отырып қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді. Мереке қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс», – делінген ПД хабарламасында.