03.08.2026, 23:13
Жаңалықтар
«Ақ жол» партиясының өкілдері Қарағанды облысында кәсіпкерлермен кездесті
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин
Қарағанды облысында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері «Әлем» және «Корзина» сауда үйлерінде сайлаушылармен және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партия өкілдері қала тұрғындарымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен пікір алмасып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, салық жүктемесін азайтуға, отандық өндірушілерді қолдауға және қолайлы кәсіпкерлік ортаны дамытуға бағытталған партияның экономикалық бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, кәсіпкерлік саласында кездесетін өзекті мәселелерді талқылады.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды