«Ақ жол» партиясы: Дания Еспаева тарихи шипажайда қарапайым халықпен кездесу өткізді

Еркін форматтағы жиынға кәсіпкерлер мен қарапайым халық өте көп жиналды

«Ақ жол» партиясы: Дания Еспаева тарихи шипажайда қарапайым халықпен кездесу өткізді
Фото: «Ақ жол» партиясы

Жамбыл облысының Меркі ауданында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Құрылтай депутаттығына үміткерлермен бірге кездесті. Жетпіс жылдық тарихы бар әйгілі шипажайда өткен еркін форматтағы жиынға кәсіпкерлер мен қарапайым халық өте көп жиналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқосуда ел экономикасын өркендетудің ең өзекті мәселелері көтерілді. Отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлерге кедергісіз жағдай жасау, әділ салық саясатын енгізу және жаңа жұмыс орындарын ашу жайы қызу талқыланды. Дания Еспаева қоғамда әлеуметтік әділдік орнату – партия бағдарламасының басты діңгегі екенін қадап айтты. Оның сөзінше, мемлекет, бизнес және еңбек ұжымдары тізе қосқанда ғана ел экономикасы тұрақты әрі берік дамиды.

Аудан тұрғындары көкейдегі сауалдарын тікелей қойды.