03.08.2026, 07:01
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясының үміткері Мәскеу ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті
Тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді
Фото: видеодан скриншот
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер Қайрат Айтуғанов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Мәскеу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауылдық дәрігерлік амбулатория аумағында өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауылды дамыту мәселелері талқыланды. Тұрғындар дәріхананың жоқтығы, медицина саласындағы мамандар тапшылығы және дәрі-дәрмекке қолжетімділік мәселесін көтерді.
Сондай-ақ жиында ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы, жол сапасы, жұмыспен қамту және жастарды қолдау бағытында пікір алмасу өтті. Кандидат тұрғындар айтқан ұсыныстар мен көтерілген мәселелер алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айтты.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды