Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы

Елдің солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауса, оңтүстікте ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com

3 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыстың жекелеген өңірлерінде жаңбыр мен найзағай сақталады. Ал елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы кей жерлерде +38 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +24...+26 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +30...+32 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +32...+34 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +29...+31 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +21...+23 градус.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +32...+34 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +36...+38 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +35...+37 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +33...+35 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.