3 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Елдің бір бөлігінде нөсер жаңбыр мен бұршақ күтілсе, оңтүстікте аптап ыстық 42 градусқа дейін жетеді
3 тамызға еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен тұман күтіледі. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, жел күшейеді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Батысында төтенше, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні 15 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен шығысында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстігі мен шығысында бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел шығыстан соғады, күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстіктен соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, шығысында күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз аптап ыстық 35-37 градус болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше, батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда желдің екпіні күндіз 15 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35-39 градусқа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Абай облысында түнде батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Шығысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық сақталады.
Алматы облысында күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында өте қатты ыстық болып, ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, таулы аудандарда өткінші жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Жалпы облыс бойынша күндіз 35-38 градус ыстық сақталады. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы қаласында кешке аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, шығысы мен таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары, солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 37-39 градус аптап ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Аптап ыстық 38 градусқа дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында күндіз батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте жоғары, Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігінде жоғары, жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.
Атырау облысында күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді.
Маңғыстау облысында күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.