Павлодарда 3 жасар баланың саусағына қақпақ кептеліп қалған
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағдайды бағалап, слесарлық қысқыштардың көмегімен қақпақты абайлап кесіп алды
Павлодарда ТЖМ мамандары саусағына пластикалық қақпақ киіп алып, өздігінен шеше алмаған 3 жасар бүлдіршінге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бала саусағына балалар тағамына арналған түтікшенің пластикалық қақпағын кигізіп алған. Мәселені өздігінен шеше алмаған соң, ата-анасы құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жағдайды бағалап, слесарлық қысқыштардың көмегімен қақпақты абайлап кесіп алды.
Бүлдіршін зардап шеккен жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Бір қарағанда қауіпсіз болып көрінетін ұсақ заттардың өзі бала денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.