Көкшетаудың екі тұрғыны жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған
Полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен адамдарды анықтады
Көкшетау қаласының екі тұрғыны жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырды деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, притондарды ұйымдастыру және ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 1 миллион 857 мың теңге, тергеу үшін маңызы бар ұялы телефондар мен өзге де заттар тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен адамдарды анықтады», – делінген хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті адам саудасына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ притондар мен жеңгетайлықты ұйымдастыруға байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу ерекше бақылауда екенін атап өтті.