Сербияда 6-қабаттан құлаған қазақстандық бойжеткен көз жұмды

Сыртқы істер министрлігі қайғылы оқиғаны растады

Сербияда 6-қабаттан құлаған қазақстандық бойжеткен көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Сербия астанасы Белградта алтыншы қабаттан құлаған Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұмның әкесінің видеосы Threads әлеуметтік желісінде жарияланған. Жазба авторы отбасыға көмек көрсетуді және оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруді сұраған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтың қаза болғанын растап, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сербияда қаза болған Қазақстан азаматының туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетуде. Мәселе министрліктің ерекше бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.