Respublica сайлауалды штабы Ұлытау облысындағы жұмысын бастады

Партия мүшелері кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

Respublica сайлауалды штабы Ұлытау облысындағы жұмысын бастады
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабы Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Алмас Құрылыс» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылтай депутаттығына кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесіп, өңірдің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова Ұлытау өңіріне бірнеше рет келгенін, аймақтың тыныс-тіршілігін жақсы білетінін айтты.

«Ұлытау – еңбекқор адамдар мекендеген қасиетті өлке. Туризмнің әлеуетін зерттеу барысында жолдардың жай-күйі, интернеттің қолжетімсіздігі, сондай-ақ киелі орындардағы вандализм мәселелерімен бетпе-бет келдік. Осыған байланысты депутаттық сауал жолдап, тарихи-мәдени нысандарға бейнебақылау камераларын орнатуға қол жеткіздік», – деді ол.

Ерлан Сүлейменов партияның бастамасымен вейпке тыйым салынғанын еске салды.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері Жезқазғанды көршілес өңірлермен байланыстыратын автожолдардың жағдайына қатысты мәселе көтеріп, жол инфрақұрылымын жақсарту қажеттігін жеткізді.