Мектеп оқушыларының күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі оқу тоқсандарының ұзақтығы мен мектеп оқушыларының демалыс мерзімдерін бекітті
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында, яғни 7 күнге жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасып, 14 күнді құрайды. Ал бірінші сынып оқушыларына 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс беріледі.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді. Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына жалғасып, оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.