29.07.2026, 11:57
Жаңалықтар
Жапонияда бір аптада ыстықтан 18 мыңнан астам адам зардап шегіп, 45 адам қайтыс болды
Бұл биылғы рекордтық көрсеткіш екен
Фото: pixabay
Жапонияда 20-26 шілде аралығында 18,6 мыңға жуық адам күн өту белгілерімен ауруханаларға жеткізіліп, олардың 45-і көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккендер саны өткен аптадағы көрсеткіштен 7,7 мыңнан астам адамға көп және 2026 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Бұл жайлы жедел жәрдем қызметінің жұмысына жетекшілік ететін елдің әкімшілік істер және коммуникациялар министрлігі хабарлаған.
Ауруханаға жеткізілгендердің 710-нан астамы үш аптадан астам мерзімге ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендердің 58%-ға жуығы – 65 жастан асқан адамдар.
Жапонияның кейбір аудандарында 21 шілдеден бастап қатарынан бес күн бойы ауа температурасы Цельсий бойынша 40 градустан жоғары болғаны тіркелді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды