29.07.2026, 09:06
Жаңалықтар
Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады
Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Фото: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол 1972 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі: Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университеті (1994)
Сиди Мұхаммад бен Абдалла университеті, Фес, Марокко
Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институты (1996)
- 1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы;
- 1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері;
- 2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;
- 2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс;
- 2008-2011жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
- 2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі;
- 2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы;
- 2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;
- 2019-2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушысы;
- 2020 ж. қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды