Бозымбаев әкімдіктерге 2027 жылғы коммуналдық жобаларға қазірден дайындалуды тапсырды
Бозымбаев өңірлердегі коммуналдық жобаларды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өңір әкімдіктеріне биыл «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алып, инженерлік инфрақұрылым нысандарындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-премьер 2027 жылға жоспарланған барлық өңірлік жоба бойынша дайындық жұмыстарын алдын ала бастаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар ТКШ саласын цифрландыруға және азаматтарға тұрғын үй тағайындау рәсімдерін автоматтандыруға назар аударылды.
«Тұтынушыларды есептеу құралдарымен толық жабдықтамай цифрландыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, қысқа мерзімде әрбір өңір бойынша есепке алу құралдарын орнату қажеттігін айқындап, Ұлттық экономика министрлігімен бірге аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша 2029 жылға дейінгі нақты іс-шаралар жоспарын бекітуі қажет. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер өтеу бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау рәсімдерін жеңілдету және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, қысқа мерзімде бірыңғай есеп айырысу орталықтарының мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тиісті интеграциясын қамтамасыз етуі қажет», – деді Қанат Бозымбаев.