Бүгін, 16:44
Жаңалықтар
Астананың Байқоңыр ауданына әкім болып Нұрлан Әлімжанов тағайындалды
Ол бүгінге дейін Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болған
Фото: Астана әкімдігі
Астанада Талғат Рахманбердінің басқа қызметке ауысуына байланысты Байқоңыр ауданының әкімі болып Нұрлан Әлімжанов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған. 2012 жылдың тамызынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратында және Балқаш қаласы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарды.
- 2015 жылдың шілдесінен 2020 жылдың маусымына дейін орталық және жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтерде болды.
- 2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарды. Ал 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы қызметін атқарды.
- 2023 жылдың сәуірінен тамызына дейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
- 2023 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді