Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
Қазақстанда азық-түлік бағасы 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстарғанда 9,7 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап
Нан-тоқаш өнімдері, жарма, ет, балық, сүт тағамдары, жұмыртқа, май, кондитерлік өнімдер, жеміс пен көкөніс, алкогольді және алкогоьлсіз сусындар бағасы көтерілсе, қант біршама арзандаған.
Қарақұмықтың келісі 265 теңге. (Өткен жылы – 248 теңге,) Сұлы жармасы 349 теңге (322), тары 366 теңге (277), ал күріш 382 теңге (314).
Қанттың орташа бағасы 2019 шылдың қазанында келісіне 211 теңге болса, өткен жылдың осы айында 241 теңгеге саудаланған.
Сүт тағамдарынан ірімшік келісі 1582 теңге, (2018 жылдың қазанында 1585 теңге), қацмақ – 1088 (1047), пастерленген сүт 247 (222).