Алматыдағы түнгі рейд: кальян шеккен 55 адам жауапқа тартылды
Сондай-ақ заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян құрылғысы тәркіленді
Алматының Бостандық ауданында полиция ойын-сауық орындарын тексеріп, бір түннің ішінде кальян шеккен 55 адамды әкімшілік жауапқа тартты. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян құрылғысы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция ойын-сауық орындарын тексерді
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданында қоғамдық тәртіп пен заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық рейд жүргізілген.
Тексеру қорытындысында заңмен тыйым салынған орындарда кальян шеккен 55 келуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян құрылғысын тәркіледі.
Алкоголь сатудың үш дерегі анықталды
Рейд кезінде алкоголь өнімдерін заңда белгіленген уақыттан тыс сатудың үш дерегі тіркелген.
Сауда нысандарының иелері де әкімшілік жауапқа тартылды.
Алматы полициясы заң талаптарын бұзғаны үшін келушілермен қатар ойын-сауық орындарының иелері де жауап беретінін еске салды.
Мұндай профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.