10.07.2026, 11:48
Жаңалықтар
Жаркентте Өсек өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, екі бала суға ағып кете жаздады (ВИДЕО)
Жетісу облысында су деңгейінің күрт көтерілуінен екі жасөспірім құтқарылды
Фото: Видеодан скрин
Жетісу облысының Жаркент қаласында қатты жауын-шашыннан кейін Өсек өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан екі жасөспірім жағаға шыға алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 9 шілде күні болған. Жасөспірімдер көпір астында жүрген кезде өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жедел жетіп, бірлескен күшпен жасөспірімдерді қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Құтқару операциясынан кейін балаларға медициналық көмек қажет болмағандықтан, олар үйлеріне жіберілді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты