10.07.2026, 09:06
Жаңалықтар
Тоқаев Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшісін ауыстырды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен әлемнің бірқатар еліндегі елшісі тағайындалды
Фото: Wikipedia
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшісін ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)