10 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Елдің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Оңтүстікте ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілмек
10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ыстық әрі көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +33…+35 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +21…+23, күндіз +34…+36 градус.
Көкшетауда да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус.
Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +31…+33 градус болады.
Қарағандыда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Жезқазғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +21…+23, күндіз +36…+38 градусқа дейін ыстық болады.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +28…+30 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде +13…+15, күндіз +28…+30 градус.
Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градус.
Ақтөбеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы ықтимал. Түнде +21…+23, күндіз +30…+32 градус.
Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +33…+35 градус болады.
Таразда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +36…+38 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз жел күшейеді. Түнде +22…+24, күндіз +38…+40 градус.
Түркістанда аптап ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +40…+42 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Түнде +25…+27 градус.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +26…+28, күндіз +40…+42 градусқа дейін жетеді.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19…+21, күндіз +35…+37 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +32…+34 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19…+21, күндіз +33…+35 градус.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +34…+36 градус болады.