Қазақстан былтыр Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттады

Өткен жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 270,9 млрд теңгені құрады

Қазақстан былтыр Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттады
Фото: istockphoto.com

Қазақстан 2025 жылы Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттады. Ал ел аумағындағы магистральдық газ құбырлары арқылы 88,9 млрд текше метр газ тасымалданды. Бұл туралы «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша магистральдық газ тасымалының көлемі 88,9 млрд текше метрді құрады. Ішкі нарықта QazaqGaz компаниясы 20,5 млрд текше метр газ өткізді. Қытайға экспортталған газ көлемі – 5 млрд текше метр», – деді Әлібек Жамауов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол компанияның өткен жылғы қаржылық нәтижелеріне тоқталды.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 270,9 млрд теңгені құрады. Ішкі нарықты субсидиялауға жыл сайын 226,3 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар ел бюджетіне шамамен 325,8 млрд теңге көлемінде салық төленді», – деді QazaqGaz басшысы.

Мақалада
#экспорт #газ #QazaqGaz