Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
Қазіргі уақытта бойжеткен дәрігерлердің бақылауында
Алматы облысындағы танымал Көлсай көлінің аумағында төтенше жағдай тіркелді. Демалыс орнында 16 жастағы бойжеткенді жылан шағып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мекеменің мәліметінше, көл маңында серуендеп жүрген демалушылар жақын маңда кезекшілікте тұрған құтқарушылардан шұғыл көмек сұраған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккен жасөспірімге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны уақыт жоғалтпай, қызметтік автокөлікпен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізді. Қазіргі уақытта бойжеткен дәрігерлердің бақылауында.
Төтенше жағдайлар министрлігі күн жылынған уақытта бауырымен жорғалаушылардың өте белсенді болатынын тағы да ескертті. Осыған байланысты табиғат аясында, әсіресе таулы және орманды жерлерде жүрген саяхатшыларға келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылады.