Рудныйда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 10 адам құтқарылды

Тілсіз жаудың жалпы аумағы 10 шаршы метрді құраған

Рудныйда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 10 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Қостанай облысы Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар қызыл жалын ортасынан бір бала мен ересек адамды аман алып шықты. Тілсіз жау кезінде тағы 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мекеменің ресми мәліметінше, оқыс оқиға кешкі уақытта төрт қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт бірінші қабатта орналасқан пәтерден шыққан. Шақырту орнына шұғыл жеткен ТЖД қызметкерлері үй ішін қою түтін басқан кезде бірден тұрғындарды құтқаруға кірісті.

«Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт сөндіру барысында баспалдақ маршы арқылы екі адамды, соның ішінде бір баланы аман алып қалды. Бұдан бөлек, қауіпті жерден тағы 10 тұрғын жедел түрде эвакуацияланды», — деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында жалынның өзге пәтерлерге шарпуына жол берілмеді. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 10 шаршы метрді құраған. Құтқарушылар келген бойда өртті толықтай ауыздықталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Тілсіз жаудың шығу себебі мен материалдық шығын көлемін арнайы мамандар анықтауда.