6 шілде күні ауа райы қандай болады

Еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауады

6 шілде күні ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрса, батыс өңірлерде аптап ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамы бойынша, дүйсенбі күні республика аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте еліміздің өңірлерінде ауа райы әртүрлі болады. Солтүстік пен шығыста қатты жел соғып, қатты жауын-шашын күтіледі. Орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, еліміздің барлық аумағында дерлік желдің күшеюі болжанып отыр. Ал солтүстік, шығыс және оңтүстік-батыс өңірінде түнде және таңертең тұман түседі.

Еліміздің бір бөлігінде жауын-шашын болса, батыс және орталықтың кейбір аумақтарында термометр көрсеткіштері жоғарылайды.

«Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау өңірінде +35...+40°C-қа дейін қатты ыстық болады», — делінген синоптиктердің хабарламасында.

Мамандар тұрғындарды күн райының қолайсыздығы мен аптап ыстық кезінде сақтық шараларын сақтауға, қажеттілік болмаса күн астында ұзақ жүрмеуге шақырады.