4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, аптап ыстық сақталады

Елдің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ, екпінді жел күтілсе, оңтүстік пен батыста ауа температурасы 35–40 градусқа дейін көтеріледі

4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, аптап ыстық сақталады
Фото: © istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, 4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар елдің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы кей жерлерде +34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +24...+26 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +26...+28 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +21...+23 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +24...+26 градус.

Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +29...+31 градус.

Петропавлда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +22...+24 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус.